“Сүйінші, әкем өлді”: желіде бойжеткен жантүршігерлік оқиғасын айтты

Фото: freepik.com

Жаңалықтар
1625

Белгілі құқық қорғаушы Ләззат Рақышева 7 жылдан бері танитын бойжеткен туралы әңгімеледі, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Адвокаттың мәліметінше, қыз көп балалы отбасында тәрбиеленген. 9 ағайынды екен. Анасы бала-шағаның қарнын тойдырамын деп жұмыста жүріпті. Ал әкесі маскүнемдікке салынып кеткен. Ішімдікке сылқия тойған сәттерінде отбасының берекетін алып, улап-шулаған балаларының көзінше әйелін өлімші етіп сабайды екен. Бір күні ішімдікке сылқия тойған әкесі қызды зорлайды.

“Ол кезде 11 жаста едім. Әкем біреуге айтар болсам, өлтіре салатынын айтты. Алдымен, анам өмірімен қоштасады деді. Анамның менің жаным түгілі өз жанына араша бола алмайтынын білдім. Сол себепті ешкімге ештеңе айтпадым. Сол сәттен бастап әкемді бар жан-тәніммен жек көріп кеттім. Тезірек үйден кетсем екен деп жүретін едім. Ойыма тек өлім туралы ойлар келе беретін. Жанымды жегідей жеген дерттен өлсем құтылатын шығармын деп ойладым”, - деп сырын айтқан бойжеткен.

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...