Жылдар бойы иттермен өмір сүрген бала сұмдық жағдайда табылды

Фото: ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
1787

Таиландта бірнеше жыл бойы иттермен бірге өмір сүрген бала табылды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Stan.kz-ке сілтеп.

Мәлімет бойынша, баланың анасы мен 23 жастағы ағасы есірткіге тәуелді болған. Әйел үнемі баланың оқуына арналған мемлекеттік жәрдемақыны — шамамен 400 бат (6500 теңгедей) алып отырғанымен, бала мектепке бармаған.

Бала сөйлемейді, тек итше үреді. Сондай-ақ ол

жануарлардың әдеттерін толық сіңіріп, төрт аяқтап жүрген. Адамдардан қашқақтап, уақытын иттермен өткізген.

Қазір балақай балалар орталығына жіберіліп, қамқорлыққа алынған. Бала бастапқы бейімделу кезеңінен өтіп жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

31 жастағы әйелдің денесі үйінің артындағы бақшадағы шағын үйшіктен табылды. Есіктің үстіндегі жалғы...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысында өзіне қол жұмсады деп болжанып отырған келіншек жер қойнына тапсырылды, деп хабарла...