Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 наурыз күндері Әзербайжан Республикасына ресми сапармен барады,...
Тоқаев Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіні қабылдады
Фото: Ақорда
296
Кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев министрліктің негізгі міндеттерін айқындап, Қазақстанның ұлттық мүдделерін дәйекті түрде ілгерілетуді, теңгерімді сыртқы саясатты нығайтуды және экономикалық дипломатияны дамытуды тапсырды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Көпжақты ынтымақтастықты жандандыруға және шетелдегі Қазақстан азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыруға ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы халықаралық іс-шаралардың кестесі қаралды.