Қазақстанда бір күнде екі рет жер сілкінді

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1486

Қазақстанда тағы бір жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Жер сілкінісі Жамбыл облысында Астана уақытымен 15:08-де болды, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Құлан ауылында — 3 балл

▪️Меркіде — 2 балл

Жер сілкінісінің эпицентрі Тәжікстан аумағында орналасқан.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары 2 балдық жер сілкінісін сезінді, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

«2025 жылғы 25 мамыр күні Астана уақытымен 07:35-те ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық зерттеулер мен ақпараттың ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді», – делінген хабарламада.

Жер сілкінісінің эпицентрі Ресей аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 1162 шақырым жерде орналасқан.

Болжамды жер сілкінісінің күші:

Өскемен қаласында – 2 балл;

Катонқарағай ауылында – 2 балл.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында мұнай саласының екі жұмысшысы арасындағы жанжал ауыр қылмыспен аяқталды, деп хабарл...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда резонанс тудырған оқиға болды: Ақкент шағынауданындағы тұрғын үйдің подъезінде ер адам қызғ...