Танымал қазақстандық блогер бостандыққа шықты (ВИДЕО)

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
153

Қазақстандық вайнер Мейіржан Төребаевтың отбасы оның үйге оралуына жылы сезіммен әрі толқыныспен дайындалып жатыр, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Блогердің жары Дана Есеева әлеуметтік желіде дайындықтың жүрекке жылы тиетін әсерлі сәттерімен бөлісті: үй безендірілген, дәлізге мерекелік әшекейлер ілінген, ал асүйде отбасы отағасын қарсы алуға арнап ет асылып жатыр. 

«Сыртқы өмірімде еркіндігімнен айырылған кезде, ішкі еркіндікке қол жеткіздім. Демек, солай болуы керек болған. Өмір беретін сабақтардан қашып, бақытты өмір сүру мүмкін емес. Жан ұмтылған тәжірибеден өзіңді айыру мүмкін емес. Маған тыныштық керек болды, уақыттан тыс қалып, рөлдерден арылып, өзіммен оңаша қалып, “мен кіммін?” деген сұраққа жауап іздеу қажет болды. Кейде жаңа өзіңді құрастыру үшін әуелі күйреп алу керек. Осы тәжірибе үшін Аллаға шүкір етемін. Оның құны өлшеусіз. Бұл жанның жарқын сапары болды», - деді Мейіржан Төребаев.

Желі қолданушылары вайнердің оралуына белсенді түрде үн қатты. Пікірлерде қолдау білдірген ондаған жылы лебіз жазылған:

«Қош келдің, бауырым! Сені сағындық».
«Түрме туралы бұлай әдемі етіп ешкім жазбаған шығар, әсіресе “жанның жарқын сапары” деген тіркес — керемет».
«Махо, қош келдің. Алда сені ең жарқын, ең әсем әрі ең қуанышты күндер күтсін».
«Ура, отбасы қайтадан түгел жиналды, ақыры. Сендер үшін қатты уайымдадым, енді бәрі жақсы болсын».

Еске салайық, 2023 жылғы маусымда вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар деп танылып, бес жылға бас бостандығынан айырылған еді.

 

Әлем

Дональд Трамп Иран 48 сағат ішінде Ормуз бұғазын толық ашпаса, елдің электр станцияларын «жойы...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Елорданы, Шымкентті және Қазақстанның 13 өңірін дауылды ескерту қамтыды. Синоптиктердің мәліметінше,...