Елена Рыбакина WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
729

Қазақстанның бірінші ракеткасы Германияның Штутгарт қаласында өткен беделді WTA 500 турнирінің финалында чехиялық Каролина Мухованы (№12 WTA) жеңді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Тартысты ойын 7:5, 6:1 есебімен Еленаның пайдасына аяқталды. Бұл Еленаның биылғы маусымдағы екінші, ал мансабындағы 13-ші титулы.

Жеңісі үшін отандасымыз 500 рейтингтік ұпай, 160 мың еуро сыйақы және дәстүрлі бас жүлде жаңа Porsche Carrera 911 S автокөлігін иеленді.

Осылайша, Рыбакина Штутгарт корттарындағы үстемдігін дәлелдеп, 2024 жылғы жетістігін қайталады және турнирдің екі дүркін чемпионы атанды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...