ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев мезгілсіз дүниеден өткен Зейнеш Исмаилдың отбасы мен жақындарына көң...
Аятжан Ахметжанұлы: Осынша адамнан тәйт дейтін біреуі жоқ, ақсақалы жоқ қоғамға айналдық па?
Бейнежазбадан
5458
Әлеуметтік желіде бір тойда кәрі шешелерін бесікке бөлеп, тербеттен бір топ адам түскен видео тарап, халықтың қызу талқысына түсті. Осы видео туралы QAZBILIM.KZ Басқарма төрағасы Аятжан Ахметжанұлы да өзінің пікірін әлеуметтік желіде білдірді, деп жазады madeniportal.kz.
Ұлттың ұлт болып қалыптасуы, дамуы оның тілі, ділі, дәстүрі мен мәдениетінің сақталуында ғана.
Ол жойылса ұлт қоса жойылады.
Тіл шұбарланып, табиғатынан алыстап құриды.
Діл әлсіреп, рухсызданып, түбірінен құриды.
Дәстүр мен мәдениет бұрмаланып, келемедженіп, әуелгі қалыптасқандағы ғылымилығы, тазалығы, жүйесінен алыстап, формалық істерге ауысады.
Тойлардағы ауыр аяқ келіншектің беташарын жасап жүргеніміз де - сол, беташардың әуелгі таныстыру, тағылым айту дәстүрінен жай тойдағы ақша жинап, жағымпаз жыр айтын формасына ауытқуы. Бұл түбі дәстүрдің қадірін кетіреді.
Қазақ дәстүрінің әу бастағы көшпенді мәдениетіндегі әдемі бейнесінен ауытқып бара жатқанын көріп қарным ашатын еді.
Ал мына бір тойдағы мына видеоны көргенде түңілдім. Мына жүргеннің ішінде жөнін айтар бір ақсақал жоқ па деп налыдым.
Бесік - ол, ең алдымен, сәби тыныштығының, сәби тазалығының ұясы. Тәрбие талбесіктен басталады…
Ал сол тәрбиенің ұясын осылай қорлауға, мазақтауға бола ма?
Осынша адамнан тәйт дейтін біреуі жоқ, ақсақалы жоқ қоғамға айналдық па? - деп жазды Аятжан Ахметжанұлы.