Бетон араластырғышқа құлап, қайтыс болған азаматтың артында 6 баласы қалды

Фото: ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
2507

Қостанай облысында зауыт жұмысшысы зауыттағы бетон араластырғышқа құлап, қайтыс болды, деп хабарлайды madeniportal.kz Ulysmedia.kzтілшісіне сілтеме жасап. 

Қайғылы оқиға «БК-Строй» компаниясына қарасты кірпіш зауытында болған.

Қазір полицейлер еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

«26 қыркүйекте Қостанай ауданы Садовый ауылында кәсіпорындардың бірінің аумағында 60 жастағы шебер автоматтандырылған бетон араластырғышқа құлап кеткен, ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды», деп түсініктеме берді полиция департаменті.

Белгілі болғандай, ер адам ресми түрде жұмыс істемеген, оның орнына қызы «жұмыс істеген». Марқұмның артында 6 баласы қалып отыр. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...