Таиландқа бару ақылы болады: туристерден 6 мың теңге алынады

ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
238

2027 жылдан бастап Таиландқа баратын шетелдік туристерден 450 бат, шамамен 6 мың теңге көлемінде туристік алым алынбақ. Бұл туралы Bangkok Post басылымына сілтеме жасаған 24KZ жазды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Таиландтың Туризм және спорт министрлігі жергілікті бизнес өкілдерінің жаңа төлемді енгізуді кейінге шегеру туралы ұсынысын қолдамаған. Қонақүй иелері мен туроператорлар қосымша шығын елдің туристер үшін тартымдылығына әсер етуі мүмкін деп алаңдап отыр.

Ал билік алымнан түскен қаражаттың бір бөлігін шетелдік туристердің денсаулығы мен өмірін сақтандыруға жұмсамақ. Қалған қаржы туристік нысандарды жаңғыртуға, экологиялық жобаларға және табиғи апаттардан зардап шеккен өңірлерді қалпына келтіруге бағытталады.

Жоспар бойынша әуе арқылы келетін туристер үшін алым билет құнына қосылады. Ал құрлық және теңіз шекаралары арқылы кіретіндерге бөлек төлем жүйесі әзірленбек.

Айта кетейік, бұған дейін Таиланд қазақстандықтар үшін визасыз болу мерзімін қысқартқан. 15 қыркүйектен бастап Қазақстан азаматтары елде визасыз 30 күнге дейін бола алады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық актриса, продюсер әрі режиссер Назгүл Қарабалина жеке өміріне қатысты көпшілік біле бер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Полиция «Айша» сауда орталығында жаңа бутиктің ашылуы кезінде болған жаппай кептеліске қ...