Ақмола облысында көлік апаты болып, салдарынан әнші, асаба Асқар Дүйсенов қаза тапты, деп хабарлай...
Астанада әйел полиция қызметкерінің екі жыл бойы қысым көрсеткенін мәлімдеді
Фото: ЖИ/ MadeniPortal.kz
Астанада жалғызбасты әйел полиция қызметкерінің екі жыл бойы қысым көрсетіп келгенін айтып, әлеуметтік желіде шағымданды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Әйелдің сөзінше, Байқоңыр аудандық полиция басқармасының тергеушісі оның банк шоттарын тексеріп, клиенттері мен туыстарын үстінен арыз жазуға көндірмек болған.
Оқиға әйелдің онлайн қызметін пайдаланған клиенттердің бірі шағым түсіргеннен кейін басталған. Оның айтуынша, тергеуші қамауға алатынын айтып қорқытып, зейнеткер әкесінің де банк шоттарын бұғаттаған.
Астана қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, аталған оқиғаға қатысты қылмыстық іс былтыр сотқа жолданған. Қазіргі уақытта алаяқтық дерегі бойынша тағы бір қылмыстық іс тергеліп жатыр.
Ал әйелдің полиция қызметкеріне қатысты шағымы бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр.