Деректер тарамаса да, айыппұл салынуы мүмкін: министр маңызды мәлімдеме жасады

ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
13
Қазақстанда азаматтардың жеке деректері интернетте сатылуы мүмкін деген ақпаратқа байланысты тексеру басталды. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мадиев мәлімдеді, деп хабарлайдыMadeniPortal.kz. 

Министрдің айтуынша, Darknet желісінде белгісіз адамдар қазақстандықтардың миллиондаған жеке деректеріне иелік ететінін айтып, оларды сатуға қатысты хабарландырулар жариялап жатады. Алайда мұндай мәлімдемелердің барлығы бірдей шынайы бола бермейді.

«Көбіне мұндай деректердің ішінде қоқыс ақпарат, түрлі фотосуреттер, тіпті Қазақстан азаматтарына қатысы жоқ суреттер мен басқа да файлдар кездеседі», – деді Жаслан Мадиев.

Осыған байланысты қазіргі уақытта Қазақстанның Жоғарғы сотына қатысты жарияланған ақпарат тексеріліп жатыр. Министрдің мәліметінше, тексеру жұмыстарына Ақпараттық қауіпсіздік комитеті мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірлесіп кіріскен.

Мамандар жарияланған файлдардың мазмұнын, олардың шынайылығын және мемлекеттік органда ақпараттық қауіпсіздік талаптарының сақталуын анықтауы тиіс.

Егер заңбұзушылықтар анықталса, жауапты лауазымды тұлғалар мен ұйымдарға әкімшілік шаралар қолданылуы мүмкін. Министр мұндай жағдайда мекеме басшыларының да жауапкершілікке тартылатынын атап өтті.

Деректер таралмаса да, ұйымға айыппұл салынуы мүмкін

Жаслан Мадиев бұған дейінгі тексерулердің бірін мысалға келтірді. Оның айтуынша, азаматтардың шағымынан кейін шамамен 4 миллион адамның жеке дерегі тарады деген ақпарат тексерілген. Алайда көрсетілген көлемдегі деректердің таралуы расталмағанымен, ақпараттық қауіпсіздік талаптарының бұзылғаны анықталған.

Министрдің сөзінше, осы заңбұзушылықтар үшін ұйымға айыппұл салынған.

Айта кетейік, 2026 жылғы 31 шілдеде министрліктің ресми сайтында Daryn.online платформасына қатысты жоспардан тыс тексерудің нәтижесі жарияланған болатын. Тексеру барысында 4,2 миллион жазбаның таралуы расталмады. Платформа жүйесінде 90 мыңнан астам дербес дерек болғаны анықталды. Соған қарамастан, жеке мәліметтерді қорғау талаптарын бұзғаны үшін компания Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 79-бабы бойынша жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды.

Министрлік ұйымдарға азаматтардың жеке деректерін жинау, сақтау және өңдеу кезінде ақпараттық қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды ескертеді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысында Астрахан аудандық мәслихатының төрағасы Мейрам Қожахметтің үйіне жасалған қарулы ша...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай ұйымдастырылған «Тәуелсіздік...