Кәмпит шығаратын зауыт өртеніп, 24 адам қаза тапты

Фото: ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
164

Индонезияда кондитерлік өнімдер шығаратын зауытта алапат өрт болып, 24 адам көз жұмды. Тағы 34 жұмысшы із-түзсіз жоғалған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Қайғылы оқиға 21 қараша күні кешке Бантен провинциясындағы Чиканде елді мекенінде болған. Өрт ел астанасы Джакартадан шамамен 50 шақырым жерде орналасқан PT Fonusa Agung Mulia кәсіпорнында тұтанған.

Құтқарушылар өртенген ғимараттың үйінділері арасынан жоғалған жұмысшыларды іздестіріп жатыр. Ғимарат құрылымдарының опырылып түсу қаупі іздеу жұмыстарын қиындатқан.

23 қарашадағы мәлімет бойынша, қаза тапқандар саны 24-ке жеткен. Жоғалған жұмысшылардың туған-туыстары хабар күтіп отыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада жалғызбасты әйел полиция қызметкерінің екі жыл бойы қысым көрсетіп келгенін айтып, әлеуметт...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда азаматтардың жеке деректері интернетте сатылуы мүмкін деген ақпаратқа байланысты тексеру...