Тамызда қазақстандықтар қанша күн демалады?

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1054

2025 жылдың тамызында қазақстандықтар Конституция күніне байланысты үш күн демалады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Биыл мемлекеттік мереке саналатын 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні сенбіге тап келеді. Еңбек кодексіне сәйкес, егер мереке демалыс күніне сәйкес келсе, қосымша демалыс келесі жұмыс күніне, яғни бұл жолы 1 қыркүйек – дүйсенбіге ауыстырылады.

Осылайша, еліміздің азаматтары 30 және 31 тамыз күндерімен қоса, 1 қыркүйекте де демалып, үш күн қатарынан тыныға алады.

Бұдан бөлек, тамыз айының өзге апталарындағы дәстүрлі сенбі-жексенбі күндері де демалыс ретінде сақталады. Атап айтқанда:

  • 2-3 тамыз,
  • 9-10 тамыз,
  • 16-17 тамыз,
  • 23-24 тамыз,
  • 30-31 тамыз күндері — ресми демалыс күндері саналады.

Жалпы алғанда, 2025 жылдың тамызында қазақстандықтар 10 күн бойы демалады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында мұнай саласының екі жұмысшысы арасындағы жанжал ауыр қылмыспен аяқталды, деп хабарл...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда резонанс тудырған оқиға болды: Ақкент шағынауданындағы тұрғын үйдің подъезінде ер адам қызғ...