Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: Жәбірленушілердің бәрі кәсіпкерді кешірді

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
693

Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты бойынша тағы бір қаза тапқан адамның анасы айыпталушыны кешірді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында болған өліммен аяқталған жол-көлік оқиғасы бойынша сот процесінде тағы бір жәбірленуші айыпталушы Александр Пакты бас бостандығынан айырмауды сұрады.

Сот отырысында ол айыпталушыны кешіретінін және оған ешқандай талап-тілегі жоқ екенін мәлімдеді.

Бұған дейін де іс бойынша қаза тапқандардың өзге туыстары айыпталушыны кешірген болатын. Александр Пак өз кінәсін толық мойындаған.

Іс бойынша сот процесі жалғасып жатыр.