“Танымал адвокат”: Жылыойда ер адам бұрынғы әйелін бауыздап өлтірді

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2257

Жылыой ауданының Құлсары қаласында кісі өлтіру оқиғасы орын алды. Ер адам бұрынғы әйеліне пышақпен шабуыл жасады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Алдын ала мәліметтер бойынша, шабуылдаушы — Шоқпартоғай ауылының тұрғыны. Қылмыс жасағаннан кейін ол жасырынуға тырысты. Бірақ оны Жылыой полиция бөлімінің қызметкерлері жедел түрде ұстады.

Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр. Құқық қорғау органдары қылмыстың себептерін, сондай-ақ болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға кірісті.

Atyrau ONLINE хабарлағандай, қайғылы оқиға 27 наурызда, түстен кейін, әйел жалғыз тұрған жұмыс бөлмесінде болды. Кенеттен оның бұрынғы жұбайы кіріп, пышақпен шабуылдады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысында туристер арасында танымал табиғи орындардың бірінде аспалы шыны көпірдің құрылысы...

СПОРТ

Қазақстандық дзюдошы Ажар Асхат Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан 2...