Қазақстандық жас ғалым Оксфордқа шақырту алды

Фото: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

ЖАҢАЛЫҚТАР
2214

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінің Қытайтану кафедрасының жас ғалымы Арыстанбек Ақылбай Оксфорд университетіне танылған студент ретінде қабылданды, деп хабарлайды madeniportal.kz ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жас ғалым 2025 жылғы қаңтардан бастап Ұлыбританиядағы Оксфорд жаһандық және аймақтық зерттеулер мектебінде «Аймақтану» мамандығы бойынша оқитын болады. Оқуды аяқтағаннан кейін Арыстанбек Оксфорд университетінің қауымдастырылған түлегі мәртебесін алады.

Бұған дейін ҚазҰУ-дың жас ғалымы Гарвардқа (АҚШ) шақырту алып, шақырылған ғылыми қызметкер ретінде келісімшарт бойынша жұмыс істеген болатын. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал продюсер әрі әнші Мөлдір Мұқан кіші қызы Айару жайлы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Madeni...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада кәсіпкердің киім дүкені ашылуына небәрі бір күн қалғанда өртке оранды, деп хабарлайды Maden...