300-ден астам қазақстандық турист Дубайдан шұғыл түрде елге оралды

Видеодан алынған скрин

ЖАҢАЛЫҚТАР
1718

Дубайдан ұшқан екі ұшақ Қазақстан азаматтарымен Алматы қаласына қонды, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, FlyDubai рейстері бүгін сағат 02:45 пен 06:23 аралығында аталмыш елдердің әуе кеңістігін айналып өтіп, елге 13 маусымда ұша алмаған 332 туристі және жоспарлы жолаушыларды жеткізді.

Еске салайық, 13 маусымда Біріккен Араб Әмірліктерінен, атап айтқанда Дубай мен Абу-Дабиден Қазақстанды қоса алғанда, бірнеше өңірге рейстер тоқтатылған болатын. Бұл шешім Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты қабылданды.

Бұған дейін ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті Иран, Израиль, Сирия, Ирак, Иордания және Ливан әуе кеңістігіне, сондай-ақ осы мемлекеттермен шектес аумақтар арқылы ұшуға тыйым салған болатын.

Сондай-ақ 13 маусымда Дубайдан ұша алмаған барлық туристер қонақүйлерге орналастырылған.

Қазіргі уақытта олардың ұшу мәселесі қарастырылып жатыр. Кейбір туристер бүгін түнгі рейстермен елге оралды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Ислам ынтымақтастығы спорт қауым...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қобда ауылында үйлердің бірінен өрт шығып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Қа...