Танымал блогердің жасырылған ақшасы үшін халық супермаркетті талқандап кеткен

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1309

Танымал блогер Justking супермаркеттегі тауарлардың арасына жасырын түрде ақша салып кеткен видеосынан кейін жаппай халық тауарлардың тас-талқанын шығарып іздеген, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Бірнеше күн бұрын танымал блогер Justking супермаркетке барып, тауарлардың арасына жасырын түрде ақша салып кеткен бейнеролигін жариялады. Бұл әрекеті жұрт арасында көтеріңкі көңіл-күй тудырып, видео желіде тез тарап кетті.

Алайда жуырда аталған супермаркет қызметкері жауап ретінде видео жариялап, күтпеген қиындықтар туындағанын мәлімдеді. Ақша тауып қалуға үміттенген кейбір тұтынушылар тауарларды жыртып, бүлдіріп кеткен. Мысалы, бір ғана зақымданған өнімнің құны 8400 теңге болған.

Ең өкініштісі — бүлінген тауарлардың құнын сөрелерді реттейтін қарапайым мерчендайзерлер өз қалталарынан өтеуге мәжбүр болған.

Дегенмен, жағымды жаңалық та бар: Justking бұл жағдайдан хабардар болысымен, тез арада байланысқа шығып, шығынды толығымен өз мойнына алды. Бұл әрекеті көпшіліктің ықыласына бөленіп, жауапкершіліктің жарқын мысалына айналды.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әнші Индира Елемес Руслан Өтепбайға сұхбат берді, деп хабарлады MadeniPortal.kz. Әнші күйеу...

PESTEL

АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілі Берлинде Украина, Германия, Франция және Ұлыбритания ба...