Атырауда полиция капитанының істеген былығы ашылды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2015

Атырауда полиция капитаны өзінің қызметін пайдаланып, алаяқтық жасаған, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Қылмыстық іс №2 Атырау сотында қаралды. Атырау облысы полиция департаментінің криминалдық полиция жедел басқармасында полиция капитаны өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып бөтеннің мүлкін ұрлаған.

Сот отырысы барысында сотталушы өз кінәсін толық мойындады.

Тергеу мәліметінше, сотталушы құқық қорғау органында қызмет атқара отырып, жәбірленушінің білімсіздігін, психологиялық жағдайын пайдаланып, олардың қаражатын заңсыз иемденген.

Х.Н тағылған айып бойынша кінәлі деп танылды. Сонымен қатар алған қаражаттың он еселенген мөлшерін төлеуге міндеттелді. Жұмыстан қуылып, мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...