Penn State University-нің құқық мектібінің Assistant Dean Стивен Барнс MAQSUT NARIKBAYEV UNIVERSITY-...
Түркістан облысында ойын кезінде 12 жастағы қыз бала суға батып кетті
ашық дереккөз
308
Қайғылы оқиға 8 мамыр күні Абай ауылында болды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Бала тереңдігі екі метр болатын «Ошақты» суару каналына батып кеткен. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қыздың денесін жедел-құтқару жасағының қызметкерлері, ТЖД, жергілікті атқарушы органдар, полиция департаменті қызметкерлері және туыстары іздеген.
Қаза тапқан қыздың құрбысының айтуынша, ол ойын кезінде абайсызда суға құлап кеткен.
Баланың мәйіті суға құлаған жерден ағыс бойымен бес шақырым төмен жерден табылды.