Алматы облысы полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Фото: polisia.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
2306

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Алматы облысы полиция департаментінің басшы құрамымен жедел кеңес өткізді, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Министр Алматы облысы полиция департаментінің басшы құрамымен ағымдағы жылдың тоғыз айындағы жедел қызметтің қорытындысы бойынша жиын өткізді, деп мәлімдеді ІІМ.

Сәденов жедел кеңесте жеке құрамға ПД-нің жаңа басшысын таныстырды. Президент әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрінің бұйрығымен облыстық полиция департаментінің бастығы болып Мейрам Әбікеев тағайындалды. Полиция полковнигі бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысы ПД бастығының орынбасары болған, – деп қосты ведомство.

Облыстық департамент бастығының бірінші орынбасары болып Бағдат Әшімов тағайындалды.

Жедел кеңес қорытындысы бойынша, министр өңірдегі құқықтық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берді. ІІМ басшысы Талғар ауданында кәмелетке толмаған баланы өлтіру фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатқан жедел-тергеу тобын жеке тыңдады. Бұл бойынша нақты тапсырмалар берілді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Екі ел делегацияларының қатысуымен өткен келіссөз барысында Президент өзара ықпалдастықты одан әрі н...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында мұнай саласының екі жұмысшысы арасындағы жанжал ауыр қылмыспен аяқталды, деп хабарл...