Таразда өзін-өзі өртеп жібермек болған адамның бұрын сотталғаны белгілі болды

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
1800

Бүгін, 2025 жылдың 24 қаңтарында Тараздағы мектептің алдына келіп, өзін өртеп жібермек болған адамның кім екені белгілі болды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Өзін-өзі өртеп жібермек болған адамның бұған дейін сотталған және наркологиялық диспансерде есепте тұрғаны анықталды. Бұл туралы Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім етті. 

Дереккөзге сүйенсек, оның басты талабы – үй кезегінде алға жылжығысы келген.

«24 қаңтар күні М. есімді азамат (наркологиялық диспансерде есепте тұрады және бұрын сотталған) мектептің аумағына бензин құйылған ыдыс әкеліп, оны үй кезегінде алға жылжыту туралы талабын айтты. Ол өзін өртеп жібермек болды, бірақ, өрт сөндірушілер мен полиция оның жолын кесті. Дәрігерлер оны қарағаннан кейін полиция оны алып кетті», - деп хабарлайды Тараз қаласының әкімдігі. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...