Астанада жаңа ашылғалы тұрған киім дүкені өртеніп кетті

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
411

Астанада кәсіпкердің киім дүкені ашылуына небәрі бір күн қалғанда өртке оранды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Дүкен иесінің айтуынша, өрт туралы ол дабыл жүйесі іске қосылғаннан кейін ғана білген. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар ғимаратқа терезелерді сындырып кіріп, жалынды сөндіруге кіріскен.

Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт ғимараттың бірінші қабатында шыққан. Салдарынан бөлменің төбесі, жиһаздар және сатылымға дайын тұрған киім-кешек пен өзге де тауарлар жанған.Өрттің жалпы аумағы 50 шаршы метрді құрады.

Қазіргі уақытта өрттің нақты шығу себебі анықталып жатыр. Зардап шеккендер туралы ақпарат жарияланған жоқ.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сыртқы істер министрлігі Грузия мен Индонезияға сапар жоспарлаған азаматтарға осы елдердегі көші-қон...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық кәсіпкер Айдын Рақымбаев Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданындағы Құлынжон ауылынан өзі...