Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа парламент мәжілісінің және "Amanat" партиясының төрағасы Е...
Терроризм бойынша сотталған адамдар түрмеде де насихатын жалғастырған
Фото: freepik
Биылғы жылдың басынан бері террористік және экстремистік қылмыс жасағаны үшін 17 адам бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
ҰҚК мәліметінше, Алматы қаласының тұрғыны, 2017 жылы халықаралық террористік ұйымның қатарына кіріп, шетелге кеткен. Ол 2025 жылы шетелде ұсталып, Қазақстанға арнайы күзетпен жеткізілді. Террористік әрекетке қатысу фактісі бойынша сот оны 8 жылға бас бостандығынан айырды. Тағы бір Көкшетау қаласының тұрғыны 2013 жылы шетелге кеткен. Интернетте терроризм мен діни экстремизм идеяларын насихаттаған. ҰҚК шетелдік серіктестерімен бірігіп, оны ұстады.
«Сот шешімімен терроризмді насихаттағаны және діни алауыздықты қоздырғаны үшін 9 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді», деп хабарлады ҰҚК.
Сонымен қатар Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, Ақмола және Ұлытау облыстарында террористік қылмыс жасаған 6 діни радикал ұсталды. 4 адам түрмеде жүріп те терроризмді насихаттағаны анықталды. ҰҚК мәләметінше, бұл сотталушыларға қатысты қылмыстық кодекстің 174 және 256-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіліп жатыр.