«Талибан» қозғалысы Ауғанстанды басып алып, Ауғанстан президенті елден кетті. Бұл желіде...
Антикор Қайрат Сатыбалдыдан қанша қаражат қайтарылғанын мәлімдеді
3059
Антикор Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдыға қатысты істі тергеу аясында мемлекетке қанша қаражат қайтарылғанын мәлімдеді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігіне сілтеме жасай отырып, madeniportal.kz хабарлайды.

Агенттіктің мәліметінше, осы күнге дейін мемлекет шенеуніктен 700 млрд теңгеден астам қаражатты қайтарған.
"Бүгінгі таңда 2022 жылдан бері жалпы 1 триллионнан астам теңге қайтарылды. Оның 732 млрд теңгесі Қайрат Сатыбалдыға қатысты істі тергеу аясында қайтарылды", - деді антикордың ресми өкілі Арман Тілеукен.