Абай облысында Kaz Minerals шахтасында жұмысшы көз жұмды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
964

Қайғылы жағдай Бородулиха ауданында тіркелді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Полиция мәліметіне сәйкес, 19 наурызға қараған түні шахтада жүргізілген жарылыс жұмыстарынан кейін көмірқышқыл газының деңгейі күрт көтерілген.

Таңертең екі жұмысшы шахтаға түскен кезде ес-түссіз күйде табылған. Оларға көмек көрсетуге барған учаске бастығы да газға уланып қалған.

Салдарынан бір жұмысшы оқиға орнында қаза тауып, тағы екі адам ауруханаға жеткізілді.

Шоу-бизнес

Есірткі контрабандасына қатысты іс бойынша екі айға қамауға алынған рэпер NAVAI Тараздағы тергеу изо...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Құрылтай депутаты Ләззат Қожахмет 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін әлеуметтік жәрдемақы т...