Тойда уағыз айтқан ақсақалдың қызы ел күтпеген жаңалықпен бөлісті

коллаж

ЖАҢАЛЫҚТАР
853

Жетісайдағы тойда айтқан уағызынан кейін қамауға алынған 66 жастағы ақсақалдың қызы әкесінің қамауда ұстау мерзімі тағы екі айға ұзартылғанын мәлімдеді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Ол әлеуметтік желідегі жазбасында сот шешіміне қатысты сауал қойып, әкесіне неге жеңілірек бұлтартпау шарасы қолданылмағанын сұрады.

«Әкеме тағы 2 айға қамауда ұстау санкциясы берілді. Менің бір ғана сұрағым бар: не үшін?! 66 жастағы адам тағы екі айын тергеу изоляторында қалай өткізуі керек? Ол соншалықты қоғамға қауіпті қылмыскер ме?» – деп жазды ол.

Автордың айтуынша, бұған дейін әкесіне осыған ұқсас айып тағылып немесе күдік келтірілмеген. Ол істің мән-жайын қарау кезінде әкесінің жасы, денсаулығы мен өмір жолы ескерілуі керек деп есептейді.

«Ал енді 66 жастағы әкем, сот оны әлі кінәлі деп танымағанына қарамастан, СИЗО-да отыруы керек. Неліктен оған қатысты бұдан жеңілірек бұлтартпау шарасын қолдануға болмады? Неліктен міндетті түрде СИЗО?» – деді ақсақалдың қызы.

Сондай-ақ ол әкесінің жағдайына қатты алаңдайтынын жеткізіп, қабылданған шешімге қынжылыс білдірді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақ ұлттық спорт университетінің (KNUS) негізін қалаушы Нұрасыл Медеу оқу орнын мемлекетке сыйға б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыдағы “Аяжан” жекеменшік клиникасында жалған медициналық құжаттар берілуі мүмкін де...