TikTok эфирінде бейәдеп сөздер айтқан Талдықорған тұрғынына айыппұл салынды

Фото: Depositphotos

ЖАҢАЛЫҚТАР
267

Жетісу облысы Полиция департаментінің хабарлауынша, кезекті мониторинг барысында TikTok әлеуметтік желісінде тікелей эфир кезінде қоғамдық әдеп нормаларын бұзып, бейәдеп сөздер айтқан Талдықорған тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған айыппұл салынған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

«Құқық бұзушы – Талдықорған қаласының 44 жастағы тұрғыны Гүлмира Касенова. Тексеру барысында оның бұған дейін де дәл осындай құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Алайда соған қарамастан, ол заң талаптарын қайтадан бұзған», - делінген хабарламада.

Полиция «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында интернет кеңістігіндегі құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу жұмыстарының тұрақты негізде жүргізілетінін еске салады. Заң талаптарын бұзғандарға қатысты тиісті шаралар қабылданады дейді, жауапты орган.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылорда облысының Сырдария ауданында хоккей жаттықтырушысы кәмелетке толмаған шәкіртін зорлады дег...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында 89 жастағы әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозға...