Әнші Димаш Құдайберген Instagram парақшасында елордада өтетін «Арнау» атты концерт...
Каспийдегі қайғылы оқиғадан аман қалған үш сарбаз марапатталды
Коллаж: Jasalash.kz
Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде аман қалған үш әскери қызметші «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Мемлекет басшысының Жарлығымен әскери борышын атқару кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін бір топ әскери қызметші мемлекеттік наградаға ие болды.
Марапатталған үш сарбаздың барлығы 29011 әскери бөлімінде қызмет атқарған. Олардың қатарында екі матрос және бір санитариялық нұсқаушы бар.
Каспийдегі оқу-жаттығу кезінде болған қайғылы жағдайдан кейін 14 әскери қызметші қаза тапқан. Апаттан үш сарбаз аман қалған.
Айта кетейік, Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде қаза болған 14 әскери қызметші қайтыс болғаннан кейін мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен әскери борышын өтеу кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін әскери қызметшілерге «Айбын» ордендері берілді.
29011 әскери бөлімінің взвод командирі Олжас Мұхтарұлы Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградталды.
Ал Сержан Аяпберген, Дастан Бегей, Мейрамбек Бердіханов, Ақжайық Гилаж, Мансұр Ғұмаров, Олжас Диханбаев, Әсет Жаңабай, Алмас Көбенов, Азамат Мәдіхан, Өмірбек Өмірзақ, Жеңіс Темірғалиев, Ақылбек Төлеген және Мирас Тұрдыбекұлы Рахымжан Қошқарбаев атындағы ІІІ дәрежелі «Айбын» орденіне ие болды.