Той үстінде күйеу жігіт анасының аяғынан сүйді

Фото: qazakh_inform

ЖАҢАЛЫҚТАР
56

Әлеуметтік желіде той үстінде анасын ортаға шақырып, оған ерекше құрмет көрсеткен жігіттің видеосы көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Видеодан күйеу жігіттің анасын құшақтап, көзіне жас алғанын, кейін оның аяғынан сүйгенін көруге болады. Бұл сәт желі қолданушыларының қызу талқысына түсті.

Пікір жазғандардың бір бөлігі жігіттің анасына деген құрметіне сүйсінсе, енді бірі әзілге бұрып, «Брат, точно үйленіп жатсың ба?», «Бұл үйлену тойы ма, әлде аналарға алғыс айту кеші ме?» деп жазған.

Сондай-ақ желі қолданушылары үйлену тойын өткізбес бұрын ата-анаға арнап жеке рақмет тойын ұйымдастыру керек деген пікірлерін де білдірді. 

Шоу-бизнес

Танымал әнші Жігер Ауыпбаев әлеуметтік желідегі парақшасында жарының денсаулығына алаңдап, әсерлі жа...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Кассациялық сот бұған дейін автокөлікті заңсыз иемденді деген айыппен бес жылға бас бостандығынан ай...