Ербаян Мұхтар жансақтау бөліміне түсті

Ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
537

Әскерде жүріп ауыр жарақат алып, кейін мүгедек болып қалған Ербаян Мұхтар қайтадан ауруханаға түсті. Бұл туралы әлеуметтік желіде Ұлпан Советбекқызы мәлімдеді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Бұл туралы Politico.kz жазды. Оның айтуынша, Ербаян шұғыл түрде Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы ауруханасына жатқызылған. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр.

“Ресми түрде мәлімдеймін: кеше Мұхтар Ербаян шұғыл түрде Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы ауруханасына жатқызылды”, – деп жазды Ұлпан Советбекқызы.

Сондай-ақ ол Ербаянның ата-анасының өтініші бойынша ақпарат таратып отырғанын айтты.
“Ербаян жансақтау бөлімінде жатыр, ал ата-анасы оның денсаулығына қатысты қажетті ақпараттарды толық ала алмай отыр”, – деді ол.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда құрдасын ұрып-соғып, қорлаған сәтін видеоға түсірген мектеп оқушылары ұсталды, деп хабарлад...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданында зейнеткер пышақ жарақатынан көз жұмды, деп хабарлады Maden...