Күні кеше ақын, аудармашы Роза Аспанқызының "47" атты тұңғыш өлеңдер жинағы жарық көрді, д...
Тоқаев келесі президент сайлауына қатыса ма? Президент жауап берді (ВИДЕО)
Ақорда
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2029 жылғы президент сайлауына қатысу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Журналист Мемлекет басшысынан Конституциялық соттың түсіндірмесіне сәйкес президент лауазымына қайта сайлануға заңды құқығы бар екенін айтып, осы мүмкіндікті пайдалануды жоспарлап отырғанын сұрады. Сондай-ақ тілші президент сайлауы 2029 жылы өте ме, әлде кезектен тыс өткізілуі мүмкін бе деген сауал қойды.
Тоқаев заң тұрғысынан қайта сайлануға құқығы бар екенін растады. Алайда алдағы сайлауға қатысу-қатыспауы туралы айтуға әлі ерте екенін жеткізді.
«Әлбетте, заң жүзінде менің қайта сайлануға құқығым бар. Бірақ алдағы уақытта сайлау өткізуге және оған қатысатыным немесе қатыспайтыным туралы сөз қозғауға әлі ерте», – деді Президент.
Мемлекет басшысының айтуынша, қазір басты назар ел алдында тұрған ауқымды міндеттерді шешуге аударылуы тиіс. Ол Қазақстанда әлеуметтік нысандар құрылысын күшейтіп, бұл мақсатқа Ұлттық қор қаражатын пайдалануға дайын екенін мәлімдеді.
«Халықтың игілігіне жарата алмасақ, қаражатты шетелдерде құнды қағаз ретінде ұстап отырудың қажеті қанша? Қаржыны жай ғана ұстап отыруға қарсымын. Қаражат халқымыздың, азаматтарымыздың игілігіне қызмет етуі керек», – деді Тоқаев.
Президент әлемдегі күрделі геосаяси жағдайға да тоқталып, Қазақстан үшін ел ішіндегі бейбітшілікті сақтау мен экономикалық дамуды жалғастыру маңызды екенін атап өтті.
Сөз соңында Тоқаев президент сайлауына қатысу мәселесіне қатысты нақты жауабын кейінірек беруі мүмкін екенін айтты.
«Алдағы уақытта тағы жолығармыз. Бәлкім, келесі жылы... Сол кезде сізге нақты жауап беремін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Посмотреть в Threads