Тоқаев Назарбаевтың еңбегін жоғары бағалады

Фото: Ақорда

ЖАҢАЛЫҚТАР
1602

Президент Конституцияның 30 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференцияда сөз сөйледі, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Мемлекет басшысы тұңғыш президенттің еңбегін жоғары бағалады.

«Конституция туралы айтқанда, тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың табанды еңбегіне әділ баға беру қажет. Ол Конституция қабылданған кезде Мемлекет басшысы ретінде шешуші рөл атқарды», - деді Тоқаев.

Сонымен қатар мемлекет басшысы еліміздегі барлық маңызды шешімдерді бір ел болып талқылап, бірге қабылдайтын болдық деп баға берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев референдум өткізу туралы бастамаға барша халық бірауыздан қолдау көрсеткенін атап өтті. Ел тұрғындарының Конституцияға енгізілген түзетулерді зор құлшыныспен жақтап, дауыс бергеніне тоқталды.

«Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық» деген Конституция бабы нақты жүзеге асырылды. Бұл қоғамымыздағы саяси үрдіске зор серпін берді. Енді еліміздегі барлық маңызды шешімдерді бір ел болып талқылап, бірге қабылдайтын болдық. Былтыр Атом электр стансасын салуға қатысты өткен референдум – соның айқын дәлелі», - деді Президент.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...