Тоқаев Президент сайлауына түсе ме? Берік Уәли пікір білдірді

Жаңалықтар
2213

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезектен тыс президент сайлауына түсу-түспеуіне қатысты пікір білдірді.

“Қазақстан Республикасының сайлау туралы” Конституциялық заңына сәйкес президенттікке үміткер кандидаттарды ұсынуға республикалық қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялардың ғана құқығы бар. 

Осы себепті (Тоқаевтың) президент сайлауына үміткер ретінде тіркелуі саяси партияның съезінде талқыланып, соның негізінде шешім шығарылатын болады, – деді Берік Уәли.

Бүгін тікелей эфирде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елде кезектен тыс президент сайлауы өтетінін, сайлаудың 2019 жылдың 9-шы маусымға белгіленгенін хабарлаған.

“Мұндай шешім тек халықтың тікелей еркімен сайлауда қабылдануы қажет. Қазақстан – демократиялық мемлекет.

Президент халықтың таңдауымен сайланады. 

Мен, Мемлекет басшысы ретінде, сайлаудың таза, ашық әрі әділ өтуіне кепілдік беремін! Бұл – менің берік ұстанымым! Алдағы сайлауға баршаңызды барынша жауапкершілікпен қарауға шақырамын”, – деді Тоқаев.

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...