Тағы бір қазақ боксшысы Азия чемпионатының финалына жолдама алды

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
1831

Қазақстан құрамасының боксшысы Оразбек Асылқұлов Таиландтағы Азия чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Оразбек Асылқұлов 57 кг салмақ дәрежесіндегі жартылай финалда жекпе-жек өткізді. Оның қарсыласы моңғол боксшысы Лундаа Гантумур болды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Асылқұлов төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіске жетті (5:0). Айта кетейік, Оразбек Асылқұлов Таиландтағы бәсекенің 1/8 финалында малайзиялық Зульхайлан Мохамадты нокаутпен жеңіп, кейінгі жекпе-жегінде таиландтық Фануват Чуджанаттан басым түскен еді. Бұған дейін Қазақстан ерлер құрамасынан екі боксшы финалға шықты. Санжар Тәшкенбай жартылай финалда Жапония өкілі Казума Аратакені жеңсе, Махмұд Сабырхан таиландтық Суктхет Сарабутты тізе бүктірді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Балпық ауылдық округінің орталығы – Жаңаталап ауылында №147 сайлау учаскесінде таңмен таласа о...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы желіде орынсыз ақпараттық шабуылдарды тіркелгенін мәлімдеді...