Ұлына Кенесары деп ат қойғандарға 400 мың теңге беріледі

Фото: ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
137

Журналист Нұрсейіт Жылқышыбай наурыз айында дүниеге келетін сәбилердің ішінде ұлына Кенесары есімін қойған алғашқы 10 отбасыға 400 мың теңге көлемінде қаржылай сыйақы беруді жоспарлап отырғанын мәлімдеді, деп жазады MadeniPortal.kz Alash.kz ұлттық порталына сілтеп.

Журналисттің айтуынша, өзі жетекшілік ететін компания Ұлыстың ұлы күні қарсаңында осындай игі шара өткізуді жоспарлап отыр.

“Алда наурыз айы, Ұлыстың ұлы күні де жақындап келеді. Осыған орай компаниямыз шара ұйымдастырмақшымыз. Ұлына Кенесары деп ат қойған алғашқы он отбасыға 400 мың теңге көлемінде жөргекпұл беру ойда бар.

Шарт бойынша, сәбилер наурыз айында дүниеге келуі тиіс. Қатысу үшін ата-аналар көрсетілген нөмірге баланың туу туралы куәлігін жолдауы қажет. Ықылас білдірушілер көп болуы мүмкін, сондықтан сыйақыны тек алғашқы он адамға табыстаймыз.

Бұл - мақтан үшін жасалып жатқан дүние емес. Дұрыс түсінбей, “ақшасы тасып жатыр ма?” деп ойлайтындар да болуы мүмкін. Алайда біздің ниет – елге титтей болса да пайдамызды тигізу. Еліме, жеріме қасықтай болса да үлесім қосылса, сол - менің арманымның орындалғаны”, - деді Нұрсейіт Жылқышыбай.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Рудныйда блогердің жазбасынан кейін қалалық ауруханада тексеріс басталды, деп хабарлайды MadeniPorta...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Вучичті Сербияның Мемлекеттілік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Mad...