Тоқаевты Ереванда Пашинян мен БҰҰ Бас хатшысы қарсы алды: маңызды саммит басталды

Ақорда

ЖАҢАЛЫҚТАР
102

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев COP17 аясындағы Биоалуантүрлілік бойынша көшбасшылар саммитіне қатысу үшін Армения астанасы Еревандағы «Meridian Expo and Event» орталығына келді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Ақорданың мәліметінше, Мемлекет басшысын Армения Премьер-министрі Никол Пашинян мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш қарсы алды.

Халықаралық саммит биоалуантүрлілікті сақтау, қоршаған ортаны қорғау және жаһандық экологиялық мәселелерге назар аударуға арналған.

Іс-шараға қатысушы мемлекеттердің көшбасшылары табиғатты қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылайды деп күтілуде.