«Жағдайы ауыр»: Астанада жасөспірім лифтіде тұрған 5 жастағы баланы пышақтап кеткен

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
2002

Астанада адам шошырлық оқиға болды. Көпқабатты үйлердің бірінде 14 жастағы жасөспірім қолындағы пышақпен лифтіде тұрған 5 жасар балаға шабуылдап, қолындағы пышақпен бетін тілгілеп тастады, деп хабарлады madeniportal.kz порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

Оқиғаға қатысты қалалық Полиция департаменті мәлімдеме жасап, жасөспірімнің психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғанын хабарлады.

«Оқиғаны тергеу барысында психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған кәмелетке толмаған адам анықталды. Оның заңды өкілдері полицияға шақыртылды, олар заңнамаға сәйкес міндетін тиісінше орындамағаны үшін қатаң жауапкершілікке тартылады.

Зардап шеккен бала ауруханаға жатқызылды, оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Шабуыл жасаған жасөспірім қажетті тергеу әрекеттері жүргізілгеннен кейін белгіленген тәртіппен бірден оқшауланады», - деп жауап берді Полиция департаменті редакцияның сауалына.

Оқыс жағдайға қатысты қалалық Денсаулық сақтау басқармасы да мәлімдеме жасады.

«Бетінен бірнеше жерден жара алған бала жедел-медициналық жәрдем бригадасы №2 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасына жеткізді. Баланың жағдайын кезекші травматолог және жақ-бет хирургы қарады. Баланың жалпы жағдайы – ауыр. Жақ-бет хирургиясы бөлімшесіне жатқызылды.

Кейіннен пышақ жарақатын алған бүлдіршіннің қазіргі жағдайы белгілі болады. 

«5 жасар бала №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының жақ-бет хирургиясы бөліміне жатқызылды. Дәрігерлер оны тексеріп, ота жасады. Хирургтер қан кетуді тоқтату үшін тамырларды байлау процедурасын жүргізді. Жалпы жағдайы ауыр деп бағалануда. Дегенмен, операциядан кейінгі жағдайы тұрақты», – делінген денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...