Израиль әскерилері Al Jazeerа телеарнаcын 45 күнге жабуды бұйырған

Фото: Al Jazeera

ЖАҢАЛЫҚТАР
2227

Израиль әскерлері Рамалладағы (Палестина қаласы) Al Jazeerа кеңсесін басып алып, кеңсені 45 күнге жабуды бұйырған, деп хабарлайды madeniportal.kz Ulysmedia.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Телеарна мәліметінше, қарулы, бетперде киген израильдік сарбаздар Al Jazeerа кеңсесі орналасқан ғимаратқа басып кіріп, жексенбі күні таңертең желінің Батыс жағалауындағы бюро басшысы Валид әл-Омариге 45 күнге жабу туралы бұйрық берген.

Израиль әскерилері бұл шешімнің себебін айтпаған. 

Рамалладан телефон арқылы сөйлескен Al Jazeerа қызметкері Нида Ибрагим Израильдегі репортажға тыйым салынғаннан кейін Батыс жағалаудағы рейд пен жабу туралы бұйрық «таңғаларлық жағдай емес» екенін айтты.

Біз Израиль шенеуніктерінің бюроны жабамыз деп қорқытқанын естідік. Біз үкіметтің осыны талқылап, басып алынған Батыс жағалау әскери билеушісінен арнаны жауып тастауды сұрағанын естідік. Бірақ біз бұл бүгін болады деп күтпеген едік, - дейді Нида Ибрагим.

Еске салсақ, Израиль Бейрутқа соққы беріп, салдарынан 12 адам қаза тапқан болатын. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...