Тоқаевтың Германиядағы сапары: 30 құжатқа қол қойылып, келіссөздер Мюнхенде жалғасады

Ақорда

ЖАҢАЛЫҚТАР
166

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапарының екінші күнін Мюнхенде жалғастырады. Мемлекет басшысының борты Бавария астанасына келіп қонды, деп хабарлады MadeniPortal.kz. 

Сапар бағдарламасына сәйкес, Президент Германияның бірқатар ірі компанияларының басшыларымен кездеседі. Сондай-ақ Бавария премьер-министрімен келіссөз өткізіп, технологиялық форумға қатысады.

Ресми сапардың алғашқы күнінде Қазақстан мен Германия арасында жалпы құны 2 млрд АҚШ долларын құрайтын 30 құжатқа қол қойылған.

Берлинде Қасым-Жомарт Тоқаев Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен келіссөз жүргізді. Мемлекет басшысы келесі жылы Қазақстан мен Германия арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 35 жыл толатынын атап өтті. Келіссөздер қорытындысында тараптар бірлескен декларация қабылдап, білім, медицина және мәдениет салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті екенін растады.

Бұдан кейін Тоқаев Германия канцлері Фридрих Мерцпен кездесті. Тараптар сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға және «Орталық Азия – Германия» форматындағы ынтымақтастықты жалғастыруға баса назар аударды. Қазақстан Президенті Мерцті елімізге мемлекеттік сапармен келуге шақырды.

Сапардың алғашқы күніндегі кездесулердің бірі білім және ғылым саласындағы ынтымақтастыққа арналды. Қазір Қазақстанның 45 университеті Германиядағы 100-ге жуық серіктеспен байланыс орнатқан. Қазақстанда 40 мыңға жуық шетелдік студент білім алса, алдағы мақсат – олардың санын 100 мыңға жеткізу.

Енді Президенттің Мюнхендегі келіссөздерінде технологиялық және іскерлік ынтымақтастық мәселелері талқыланбақ.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Respublica партиясынан Құрылтай депутаты, «ҚазАвтоЖол» ҰК-ның бұрынғы басшысы Мейірхат М...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысында туристер арасында танымал табиғи орындардың бірінде аспалы шыны көпірдің құрылысы...