Жолаушылар мінген автобус құздан құлады

Фото: uza.uz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1909

Шри-Ланканың таулы аймағында жолаушыларды алып келе жатқан автобус жолдан шығып кетіп, жардан құлады. Бұл туралы Uza.uz жазды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Arab News ақпарат порталының мәліметіне сүйенсек, апат салдарынан 15 адам қаза тауып, 16 адам жарақат алған.

Полиция өкілі Фредрик Вутлердің айтуынша, бейсенбі күні кешке Коломбодан 280 шақырым шығыста орналасқан Велавайя қаласы маңында болған апат кезінде автобус шамамен 1 000 фут (шамамен 300 метр) биіктіктен құлаған. Зардап шеккендердің бесеуі – бала.

Алғашқы тергеу қорытындысына сәйкес, жоғары жылдамдықпен келе жатқан автобус әуелі басқа көлікпен соқтығысқан, кейін тосқауылға соғылып, жардан құлап кеткен. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысының құтқару қызметі жаңа экологиялық таза көлікпен толықты. Электрокарлар мамандардың қ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте ер адамды экскаватордың басып кетуіне байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Mad...