Бопсалап 10 миллион теңге алған блогер сотталды

Фотосурет: Ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
2312

Семейде 25 жолсерікті екі жыл бойы бопсалап келген блогер сотталды, деп хабарлайды madeniportal.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, жергілікті тұрғын 2 жыл бойы жолсеріктерді қорқыту арқылы ақша алып отырған. Семейден қатынайтын жолаушылар пойызына мініп, қызметкерлерді масқаралайтын видео түсірген. Өзін блогер және қоғам белсендісі ретінде таныстырып, әлеуметтік желіге жариялаймын деп қорқытқан. Сосын теміржол қызметкерлері қорыққандықтан ақша берген.

Осылайша, блогер екі жыл ішінде 10 миллион теңгеден астам ақша алған. Бопсалаушының бұл әрекетінен 25 жолсерік зардап шеккен.

«Қылмыстық кодекстің 58 бабы 3-бөлігі бойынша жеңіл жазаны ауыр жазаға ауыстырып, 3,6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазасын қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтесін. Жаза үкім заңды күшіне енген күннен бастап есептелсін», – деді судья.

PESTEL

Иранның жаңа Жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеи денсаулық жағдайына байланысты және қауіпсіздік мақ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...