“Тұншықтырған”: Алматыдағы балабақшадан жантүршігерлік видео тарады

Фото: Видеодан

ЖАҢАЛЫҚТАР
2259

Алматыдағы балабақшалардың бірінде тәрбиеші баланы бірнеше секунд бойы тұншықтырған, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Алматы қаласының тұрғыны 4 жасар баласының балабақшада соққыға жығылғанын айтып, полицияға жүгінген. Бану Түлешева бейнебақылау камераларындағы жазбаларды талап етті. Ол нәтижесінде сұмдық оқиғаны көрді.  Кадрларда тәрбиеші баланы тұншықтырып, жан-жаққа тартып итергені анық көрінеді. Сондай-ақ сол сәтте бөлмеде тағы екі қызметкердің болғаны байқалады. Алайда олар болып жатқан жағдайды тоқтатуға тырыспай, өз жұмыстарын жалғастырған.

Оқиғаға байланысты өзге де ата-аналар Алматы қаласы Бостандық ауданының полициясына шағымданды.

СПОРТ

Англияның "Бернли" клубында ойнайтын Дастан Сәтпаев кеше, 13 қазанда "Чарльтон" командасына қарсы ма...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Бобровка ауылында тұрғын үйде шыққан өрттен әйел мен екі бала...