Қытайда жарқанаттан коронавирус анықталды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2111

Қытайлық вирусологтар COVID-19-ға ұқсас адамдарға жұқтыруға қабілетті жаңа жарғанат коронавирусын тіркеді, деп хабарлайды Madeniportal.kz Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

South China Morning Post газетінің хабарлауынша, бұл вирус алғаш рет Гонконгтағы жапон жарқанатынан анықталыпты.

Гуанчжоу зертханасында Гуанчжоудағы Қытай ғылым академиясының ғалымдары, сондай-ақ Ухань университеті мен Ухань вирусология институтының мамандары бірлесіп вирусқа зерттеу жүргізілді.

Ғалымдар жарқанат вирусы адам жасушаларына тез жұғатынын анықтады. HKU5-CoV-2 деп аталатын вирус адам жасушаларын ACE2 ақуыздары арқылы зақымдайды. Бұл вирус HKU5 коронавирусының жаңа тегі.

Сондай-ақ мамандар коронавирустың жаңа түрі адамға жарқанаттардан басқа да жануар арқылы берілуі мүмкін екендігін айтты.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылорда облысының Сырдария ауданында хоккей жаттықтырушысы кәмелетке толмаған шәкіртін зорлады дег...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында 89 жастағы әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозға...