Түркияның Анкара қаласында теракт болды

Фото: https:www.aljazeera.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
2026

Түркияның Анкара қаласында лаңкестік шабуыл болды. Салдарынан қаза тапқандар мен жарақат алғандар бар, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Ақпаратты Түркияның Ішкі істер министрі Әли Ерликая растады.

РБК мәліметінше, Анкарадағы Tusaş түрік аэроғарыштық компаниясының нысанына лаңкестік шабуыл жасалған. Атыс пен жарылыс дауыстары естілді.

Бұл ретте жарылыс Кахраманқазан ауданында 17 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған компанияның өте үлкен нысанында болған. Нысанның жанында Түркия әуе күштерінің базасы да орналасқан.

Бүгін Анкарадағы Tusaş компаниясының нысандарында теракт болды, - деп жазды Түркияның Ішкі істер министрі Али Ерликая X әлеуметтік желісінде.

Ал ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Анкарадағы нысанға шабуыл жасаған террористер автоматтармен, тапаншалармен қаруланған. Олар адамдарды кепілге алған болуы да мүмкін. Тіпті, кейбірінің қызметтік үй-жайларға кіріп кетуі ықтимал деген алаңдаушылық та бар. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Белгілі өнер иесі Тамара Асар әлеуметтік желідегі парақшасында елмен сүйінші жаңалығын бөлісіп, қуан...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Жаңа Конституция бойынша өтіп жатқан жалпыхалықтық референдумда дауыс...