“Ақша жымқырғаны үшін”: Экс-президент 13 жылға сотталды

Фото: Pixabay

ЖАҢАЛЫҚТАР
2048

Тбилисидегі сот Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвилиге жаңа үкім шығарды, деп хабарлайды Madeniportal.kz Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Еске салайық, 12 наурызда Грузияның экс-президенті бюджет қаражатын ірі көлемде ысырап еткені үшін кінәлі деп танылған. Оған сот 9 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған. Михаил Саакашвили енді тағы бір қылмысы үшін жауап береді. 2007 жылғы 7 қарашадағы шекараны заңсыз кесіп өту туралы сот процестері мәресіне жетті.

Сот оны шекараны заңсыз кесіп өткені үшін кінәлі деп тауып, төрт жарым жылға бас бостандығынан айырды.

Судья Михаил Джинджолия жаңа шешім қабылдады. Саакашвили сотқа қатысып, соңғы сөз сөйлегісі келді. Бірақ оған тіпті қашықтықтан да қатысуға рұқсат берілмеді. Бұрынғы президенттің адвокаттары бұл шешімнің себептерін білмейтіндіктерін айтты.

ЖАҢАЛЫҚТАР

13 тамызда Қазақстанның бірқатар өңірінде аптап ыстық сақталса, кей жерлерде жаңбыр, найзағай және б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

100 жылқыны жымқырды деп сотқа тартылған Рахат Сәрсенов туралы жақсы жаңалық тарады, деп хабарлайды...