Түркістан облысында теміржол қызметкерін пойыз қағып кетті

Фото: Pixabay

ЖАҢАЛЫҚТАР
948

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Арыс – Түркістан учаскесіндегі Қостүйін станциясында жолаушылар пойызы адамды қағып кетіп, салдарынан ол көз жұмған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

«2026 жылғы 2 қаңтарда сағат 16:10-да Арыс – Түркістан учаскесінің Қостүйін станциясында №77 «Алматы – Маңғыстау» жолаушылар пойызының машинисі 78 км/сағ жылдамдықпен келе жатып, шұғыл тежеуді қолданғанына қарамастан, адамды қағып кетті, зардап шегуші алған жарақаттарынан қайтыс болды», – делінген хабарламада.

Қаза тапқан адам «Әскерилендірілген теміржол күзеті» (ВЖДО) қызметкері болған. Оқиға туралы Түркістан станциясындағы желілік полиция бөліміне хабарланды. Қазіргі уақытта арнайы комиссия тергеу жүргізіп жатыр. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...