Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ даласының символы саналатын ақбөкендердің көбеюіне тосқауыл қоят...
«Жақсы көру де болады»: Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы әйелінің жазбасы назар аудартты (ВИДЕО)
ашық дереккөз
Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жұбайы, продюсер Мөлдір Мұқан әлеуметтік желідегі парақшасында өмірге деген көзқарас пен өзін бағалаудың маңыздылығы туралы жазба жариялады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Продюсер оқырмандарын өмірдің қиындықтарына ғана назар аудармай, әр сәттен қуаныш табуға және жақсы өмір сүруге ұмтылуға шақырды.
«Жақсы өмір сүруге ұялма. Өмірді қиындатып қана маңызды адам болып қалмайсың. Қуану да болады. Рахаттану да болады. Көп ақша табу да болады. Өзіңді жақсы көру де болады», – деп жазды Мөлдір Мұқан.
Ол адам өмірінің мәні тек қиындыққа төзіп, сынақтарға шыдаумен шектелмейтінін жеткізді.
«Бұл өмір саған тек шыдау үшін берілмеген. Өмір сүру үшін берілген», – деп түйіндеді продюсер.
Мөлдір Мұқанның бұл жазбасы өзін бағалау, бақытты болуға ұмтылу және өмірден ләззат алудың маңыздылығы туралы ой қозғайды.
"Жарайсың! Жарқырай бер Мөлдір!", "Жарқын өмірің жарқырай берсін Мөлдіржан, тілектеспіз!", "Жаңа көрдік сізді живой вообще красоткасыз", деген секілді пікірлер жазылған видеоның жазбасына.