Түркістанда екі баласын тұншықтырып өлтірген келіншек сот алдында жауап берді

Фото: Түркістан облысы ПД

ЖАҢАЛЫҚТАР
3624

Түркістанда екі баласын тұншықтырып өлтірді деген күдікке ілінген қызылордалық келіншекке қатысты сот басталды, деп хабарлайды madeniportal.kz El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Елді шошытқан қылмыс биыл ақпан айында болған еді. Жалдамалы пәтерлердің бірінен екі мен төрт жастағы ұл мен қыздың мәйіті табылған. Белгілі болғандай, оларды анасы бір-бірлеп  дәлізге шығарып, тұншықтырып өлтірген. Келесі күні келіншек Шымкент қаласындағы қонақ үйден ұсталды.

Сот отырысына марқұм балалардың әкесі жәбірленуші ретінде қатысты. Сот актісінде келіншек қылмысқа күйеуі көңіл бөлмегендіктен барды деп көрсетілген.

Бұл тұста сотталушының адвокаты алдымен келіншектің психикалық ауытқуының бар-жоғына сараптама жасау қажет деп отыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы жаңа Конституция жобасы бойынша өткен республикалық референдумға қатысып, Оқушылар...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жаңа Конституцияны қабылдау мәселесі бойынша өтке...