Ер адам өз анасын жантүршігерлік жағдайда өлтіріп тастады

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1209

Әзербайжанның Әбшерон ауданындағы Хёкмяли кентінде қайғылы оқиға орын алды – ер адам өз анасын тірідей өртеп жіберді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Алдын ала мәліметтер бойынша, Абдулрахман Гасанлы алдымен анасы Гюльбяс Гасанова екеуі бірге тұрған үйді өртеп, кейін әйелдің өзін де өртеген.

Оқиғаның туындауына отбасы ішіндегі жанжал себеп болғаны айтылуда. Марқұмның қызы Фатима Гасанлының айтуынша, күдікті – оның бауыры – нашақорлыққа тәуелді болған.

Қазіргі уақытта Абдулрахман Гасанлы құқық қорғау органдары тарапынан ұсталып, тергеу мекемесіне тапсырылды. Әзербайжан Бас прокуратурасы 7 шілде күні Гюльбяс Гасанованың алған күйік жарақаттарынан ауруханада көз жұмғанын растады.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 126.3-бабы (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, салдарынан абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соғу) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Без категории

Алматы Мемлекеттік Академиялық қуыршақ театрында көптен бері тоқтап қалған «Ромео мен Джульетт...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында ұшқышсыз ұшу аппаратына тиесілі болуы мүмкін сынықтар табылды, деп хабарлады Madeni...